МегаПредмет

ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ

Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение


Как определить диапазон голоса - ваш вокал


Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими


Целительная привычка


Как самому избавиться от обидчивости


Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам


Тренинг уверенности в себе


Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком"


Натюрморт и его изобразительные возможности


Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д.


Как научиться брать на себя ответственность


Зачем нужны границы в отношениях с детьми?


Световозвращающие элементы на детской одежде


Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия


Как слышать голос Бога


Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ)


Глава 3. Завет мужчины с женщиной


Оси и плоскости тела человека


Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д.


Отёска стен и прирубка косяков Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу.


Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар.

Педагогика негiзгi мiндеттерi





"Педагогика" терминi гректің екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.

Адам бүкiл өзiнің өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.

Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерiнде, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздiктерiнде педагогика ғылымына берiлген әр тұрлi анықтамаларды кездестiремiз. Ең көп кездесетiнi: педагогика тәрбие туралы ғылым; педагогика жас ұрпақтар туралы ғылым; педагогика адам тәрбиесi туралы ғылым деген анықтамалар.

Ал педагогика пәнiне берiлген анықтамалар да әр түрлi. Педагогика пәнi - адамды адам тәрбиелеу, педагогика пәнi - тәрбиелiк iс-әрекет, педагогика пәнi арнайы ұйымдастырылған әлеуметтiк сала.

Ең негiзгiсi педагогика тәрбие туралы ғылым.

Әрбiр ғылымның өзiне тән зерттейтiн саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда - "қоғамның өндiргiш күштерi мен өндiрiстiк қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту", ұғымдары жатады.

Педагогикалық ұғымдардың бiрi - т ә р б и е.

Тәрбие дегенiмiз - адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжiрибенi беру процесi болып табылады.

Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнi мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.

Тәрбие - белгiлi жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың рухани дене күштерiн дамыту; ә) ғылыми-материалистiк дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өмiрiне, қоғамдық өндiрiстің белгiлi саласына қатысуға дайындығы болу мiндетiн қамтиды.

Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихы тәжiрибенi беру процесi.

Бiлiм беру - бұл ғылымдар жүйесiнен бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын, адамгершiлiк тағы басқа қасиеттердi қалыптастыру, адамның шығармашылық күшi мен қабiлетiн дамыту.

Оқыту - бұл оқушы мен мұғалiмнің мақсатты тұрде өзара әрекет жасау процесi. Бұл процестің барысынды бiлiм беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның бiлiм алуы жұзеге асырылады.

Бiлiм беру - оқыту мен тәрбие жұмысын бiрiктiретiн және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.Педагогиканың анықтамасының құрамына: "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту" ұғымдарымен қатар "өздiгiнен бiлiм алу" ұғымын да аламыз.

Өздiгiнен бiлiм алу - бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы мiндет көздеген жұмысы, өздiгiнен бiлiм алу адамның өзi қызығатын мәселеген байланысты iзденiп, қажеттi бiлiмдi меңгеруi, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы бiлiмiн жетiлдiру болып табылады.



Сонымен бiрге адамның "жетiлуi", "дамуы", "өзiн-өзi тәрбиелеу" ұғымдарымен бүгiнгi педагогика өзiнің зерттейтiн проблемаларының шеңберiн толықтырады.

Жеке адамның дамуы - бұл iшкi және сыртқы, басқаратын, басқармайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетiлу процессi. Жеке адамның дамуына, жетiлуiне мақсатты түрде жүргiзiлетiн тәрбие мен оқыту шешушi роль атқарады.

Жеке адамның қалыптасуына өзiн-өзi тәрбиелеудің маңызы зор. Өзiн-өзi тәрбиелеу - адамның сапалы түрде белгiлi бiр мақсат көздеп өзiнің бойына қалыптастыратын қасиет, мiнез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Тәрбие педагогикалық кең мағынада - бұл мақсат кезделiнген процесс, қоғамның арнайы бөлiнген адамдары - мұғалiм, педагог, тәрбиешiлерiнің басқаруы мен жүргiзiлетiн процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысы ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешендi факторларды пайдалан отырып ерекше әдiс-тәсiлдердi қолданады.

 

Бақылау әдісі

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатынүшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).

Бақылау — тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.

Педагогика саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:

а)теориялың зерттеуді эмпириялық ақпаратпен қамтамасыз ету;

б)теорияның тәжірибедегі тепе-теңділігі мен шын-шылдығын тексеру.

Бақылау әдісі — ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.

Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.

Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалай-.ды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген сөздерін, мәнерлі қимылдарын т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады. Өйткені белгілі бір көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде білдіруі мүмкін ғой. Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді елеп қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады.

 

 

Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс. Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.

Бақылау әдісі

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатынүшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.

Эксперимент әдісі.

Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.

Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.

Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.





©2015 www.megapredmet.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.