ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | Гипогидратация немесе сусыздану. Организмнің сусыздануын, оның дәрежелерін және салдарларын ең алғаш ХҮ11-ғ. екінші жартысында Өтебойдақ Тілеуқабылұлы зерттеп анықтаған. Ол кісінің қолжазбасында хижраның 1060 ж. Есіл өзені тартылып, құдықтағы сулар жоғалып кеткені туралы баяндалады. Сонда адамдар мен жануарлар қатты шөлге ұшырағаны жазылады. Осыдан қанның қоюланатыны туралы дерек келтіреді. Организмнің сусыздануын бұл бабамыз: «дегду, кеберсу, құрғап кету» деп үш дәрежеге ажыратыпты. «құрғап кету» бүгінгі тілмен айтқанда эксикозға дөлме дәл келеді. Организмнің сусыздануы: ● организмге су жеткіліксіз түсуінен (сусыз жерде адасып кеткенде, әртүрлі апаттардың нәтижесінде адам сыртқа шыға алмай қалғанда, өңеш тарылуынан жұту бұзылғанда, ауыр сырқаттарда, шала туған балаларда, кейбір ми ауруларында т. б.) адам су іше алмауынан; ● судың организмнен тым артық шығарылуынан (іш өту, құсу, қан кету, полиурия, гипервентиляция, қатты терлеу, гиперсаливация, күйіктік ауру т. б. кездерінде тері жаралары арқылы т. с. с.); ● бұлардың біріккен әсерлерінен - байқалады. Сусыздану организмге біршама теріс әсер етеді. Оның нәтижесінде қан қоюланады, айналымдағы қанның көлемі азаяды, артериялық және веналық қан қысымдары төмендейді, қан ағуының жылдамдығы баяулайды. Осылардың нәтижесінде көптеген ішкі ағзаларда микроциркуляция бұзылады, гипоксия дамиды, тырыспа-селкілдек ұстамалары, елестеу, кома т. т. пайда болады. Олардың даму жолдарының негізінде миға: ♣ қоректік заттардың (глюкозаның) аз жеткізілуі; ♣ оттегінің жеткіліксіз түсуі; ♣ жүйке жүйесінде ферментгік үрдістердің бұзылуы - жатады. Жоғарғы жүйке әрекеттері бұзылыстарының дамуы гипоксияның әсерінен және сусыздану кезінде үлкен қан айланым шеңберінде артериялық қан қысымы төмендеуіне байланысты организмнің сұйықтарында осмостық тепе-теңдіктің бұзылуынан, метаболизмдік ацидоз және гиперазотемия дамуының маңызы зор болады. Бүйректе қан айналым нашарлауына байланысты, оның несеп шығару қызметі бұзылады. Осыдан организмде гиперазотемия мен уремия дамуы мүмкін. Бұл да метаболизмдік ацидоз дамуына үлкен үлес қосады. Ас қорыту жолдарында сусызданудың нәтижесінде ферменттік үрдістер бұзылады, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері тежеледі. Осыдан іш кебуі, астың дұрыс сіңірілмеуі байқалады. Балаларда сусыздану ересек адамдарға қарағанда біршама ауыр өтеді. Өйткені оларда ересек адамдарға қарағанда: ● жасуша сыртындағы сүйықтың мөлшері көбірек болады. Сусыздану кезінде ең алдымен жасуша сыртындағы, содан кейін оның ішіндегі су мен электролиттер шығарыла бастайды; ● бүйректің бастапқы несептен суды қанға кері сіңіруі қабілеті жетілмеген болады; ● тыныс алу жиі болуынан су деммен көптеп шығарылады; ● су мен электролиттер алмасуының нейро-гуморалдық реттелу жолдары жетілмеген. Осылардың нәтижесінде 2 жасқа дейінгі балаларда уытты диспепсиялардан, гипервентиляциядан т. б. жағдайлардан дененің сусыздануынан баланың шетінеуіне дейін әкелетін қауіпті асқынулар дамуы мүмкін. Изомостық гипогидратация(лат. һуро — аз, төмен, һуdог — су) су мен түздардың біршамадай азаюынан дамиды. Бұндай жағдай полиурия, диспепсия кездерінде және қан кетуден байқалуы мүмкін. Бұл кезде негізінен жасуша сыртындағы сүйық азаяды. Гипосмостық гипогидратациятүздардың судан басымырақ шығарылуынан дамиды. Электролиттердің организм үшін көптеген маңызды қасиеттерімен бірге, суды байланыстырып, организмде ұстап тұратын қасиеті бар. Бұл жагынан әсіресе натрий, калий, хлор т. б. иондарының маңызы өте үлкен. Сондықтан организмнен бұл тұздардың артық шығарылуы оның сусыздануына әкеледі. Бұл кезде организмде электролиттердің мөлшері қалпына келмей, қанша су іше бергеніне қарамай организмнің сусыздануы тоқтамайды. Сусыздану негізінен жасуша сыртындағы сұйықтың есебінен болады. Жасуша сыртындағы электролиттердің артық шығып кетуінен онда осмостық қысым азаяды. Жасуша ішінде электролиттер біршама сақталуына байланысты онда осмостық қысым жасуша аралық сұйықтан басым болады. Осыдан жасуша сыртындағы су оның ішіне енеді, жасушаның ісінуі дамиды. Жасуша сыртындағы сүйық азаюына байланысты қанның қоюлануы т.с.с. жоғарыда көрсетілген қанайналымның бұзылыстары байқалады. Электролиттердің организмнен артық шығарылуы ішек-қарын жолдарымен, бүйрек және тері арқылы болуы мүмкін. Ішек-қарын жолдарымен қайта-қайта құсу немесе іш өту (гастроэнтриттер, жүкті әйелдердің уыттанулары т. б.) кездерінде ересек адам тәулігіне организмдегі натрийдің жалпы көлемінен 15%, хлордың 28%, судың 22%-на дейін шығарады. Бұл кездерде организмнің қышқылдық-сілтілік үйлесімдігі бұзылады. Асқазанның сөлі сыртқа көп шығарылудан көптеп хлор мен сутегі иондары жоғалады да, организмде газдық емес алкалоз дамиды. Ал, ұйқы безі мен ішектердің сөлдерімен көп натрий иондары шығарылады. Осыдан келіп газдық емес ацидоз дамиды. Электролиттер кейбір нефриттердің түрлерінде, Аддисон ауруы т. б. кездерінде бүйрек арқылы көптеп шығарылуы мүмкін. Бұл кездерде бүйрек өзекшелерінің денеде бар әлдостеронға сезімталдығы төмендейді немесе әлдостеронның тым аз өндірілуі ықтимал. Сонымен бірге электролиттер қатты терлегенде тері арқылы шығарылады. Терлеу сыртқы ортаның ыстық температурасынан және ауыр қол жұмысын атқарудан болады. Осыған байланысты термен тәулігіне 800 мл-ден 10 л-ге дейін сұйық шығарылады. Онымен бірге 420 ммоль/л-ден астам натрий, 150 ммоль/л-ден астам хлор шығарылады. Сондықтан қатты терлеуден организмнің ауыр және тез сусыздануы байқалады. Бұл кезде тұз қоспай таза сусын ішсе жасуша сыртындағы сұйықтың осмостық қысымы одан сайын төмендеп, судың жасуша ішіне кіріп кетуі көбейеді. Гиперосмостық гипогидратациясудың электролиттерден басымырақ шығарылуы. Бұндай жағдай терең тыныстың жиілеуінен, сілекейдің көп шығарылуынан және қантсыз диабет т. б. кездерінде полиуриядан дамуы мүмкін. Бұл кезде жасуша сыртындағы сұйықтың көлемі азаяды, оның осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның сыртына ауысады. Жасушаның сусыздануы қатты шөлдеу сезімін шақырады, тіндік нәруыздардың ыдырауын күшейтеді, дене қызуын көтереді, кейде сана—сезімінің болмауына, кома дамуына әкеледі. Дененің құрғап кетуін болдырмау үшін гипогидратация кездерінде организмге сүйық енгізу қажет. Ол үшін организмге қанша су жетіспейтінін немесе судың тапшылық мөлшерін анықтау керек. Судың тапшылығы (СТ) мына өрнек бойынша анықталады: СТ = 0,6 х дене массасы (кг) х (1 - 140 : натрийдің қан плазмасындағы деңгейі); Мәселен: дене массасы 80 кг болса, қан плазмасында натрий 158мМ/л болса, СТ = 0,6x80 х (1 -140:158) = 48 x 0,114 = 5,47 л. Сонда судын тапшылығы 5,47 л. |