ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ. 2 страница Жүйке жүйесінің патофизиологиясы жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы. жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері. нейрон мембраналарының бұзылыстары. аксондардың қызметтерінің бұзылыстары. дендриттердің бұзылыстары. түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары. Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері. Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы. Дербес жүйке жүйесінің бұзылыстары симпатикалық жүйкеленудің бүліністері парасимпатикалық жүйкеленудің бүліністері Дербес жүйкелік невроздар Ауыру сезімінің патофизиологиясы. шеткері тіндердің бүліністерінен дамитын ауыру сезімі және оның даму жолдары. жүйке жүйесінің орталық бөліктерінен дамитын ауыру сезімі және оның даму жолдары. антиноцицепциялық жүйе. ауыру сезімінің түрлері. ауыру сезімталдығының бұзылу түрлері. патологиялық ауыру сезімін емдеу негіздері. Оқулықта пайдаланылған атаусөздердің қазақша-орысша сөздігі ЖАЛПЫ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ ПАТОФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ; МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖЕТУ ӘДІСТЕРІ Патофизиология — (гректің раthоз (ауру, дерт, кесел), рһузіз - (табиғат, жаратылыс, функция, қызмет), Іоgоs — (ілім, ұғым) деген сөздерінен құралған). дертгану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Ол ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің және тұтас организмнің қалыптан тыс өзгерістерінің ең жалпы зандылықтарын анықтайды. Сонымен, патофизиологияның негізгі мақсаты болып, дерттік үрдістердің (аурудың) пайда болу себептері, даму және сауығу жолдары мен оның салдарларын зерттеу есептеледі. Осыған байланысты патофизиология пәнінің алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады: ● аурудың пайда болу себептік байланыстарын (этиологиясын, гректің аitiа - себеп, Іоgоs - ілім деген сөздерінен тұрады) зерттеу; ● аурудың даму және сауығу жолдарының негізгі заңдылықтарын (патогенез, гректің раtһоs — дерт, gеnезіз — даму деген сөздерінен құралған) анықтау; ● тәжірибелік емдеу тәсілдерін жетілдіру; ● жас мамандар мен оқушыларда клиникалық дүниетанымды қалыптастыру; ● дерттанудың жалпы қағидаларын қалыптастыру. Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты және олардың, әсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінін, негіздеріне сүйенеді. Олардан айырмашылығы жоғарыда көрсетілген патофизиологияның мақсаттары мен міндеттерінде. Сонымен бірге патофизиология патанатомия пәнімен тығыз байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық пәндердің арасында тұрады Егер патологиялық анатомия науқастың ағзалары мен тіндеріндегі жергілікті құрылымдық өзгерістерді зерттесе, онда патофизиология тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-икемделістік жағдайларды зерттеу патофизиология пәніне ғана тән өте ыңғайлы мүмкіншілік. Клиникада аурудың жеке тұлғалардағы дара көріністерін зерттеп, емдейді. Мысалы, терінің қабынуын дерматовенерологтар зерттесе, мидың қабынуын невропатологтар, жүректің қабынуын - кардиологтар, бүйректің қабынуын - нефрологтар, т. с. с. тексеріп емдейді, Ал, қабыну процестерінің орналасқан жеріне қарамай барлығының даму негізінде белгілі бір жалпы заңдылықтар жатады. Осы жалпы заңдылықтарды патофизиология зерттейді. Сонымен қорыта келгенде, патофизиология аурудың пайда болу себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Патофизиология қалыпты физиология сияқты эксперименттік әдісті қолданады. Лабораториялық жануарларда адам ауруларының, үлгісін (моделін) алады. Аурудың үлгісі деп зертханалық жануарларда адам ауруларының кейбір түрлерінің көшірмесін алуды айтады. Қазіргі жағдайда адамның қөп ауруларының үлгілерін тәжірибелік жануарларда алуға болады. Мәселен, жарақаттық сілейме (шок), қантты диабет, атеросклероз, артериялық гипертензия, миокард инфаркты, өкпе, бүйрек қабынуы т. б. Сонымен қатар, есте сақтайтын бір жай, ол адам ауруларының үлгісін жануарларда толық көлемінде алу мүмкін емес. Сонда да аурудың патогенезіндегі кейбір маңызды түйіндерін, кейбір әйгіленімдер мен синдромдардың үлгісін алудың толық мүмкіндігі бар. Мысалы, гипертониялық аурудың үлгісін алғанда адамда кездесетін ауруды толық қайталау мүмкін емес. Сондықтан тек сол ауруға тән әйгіленімді - қан қысымының көтерілуін (гипертензияны) ғана тәжірибелік жануарларда алуға болады. Ал, адамның кейбір ауруларын жануарларда қайталауға мүлде болмайды. Оларға: жан-дүниелік (психикалық) ауруларды, өспенің кейбір түрлерін (асқазанның обыр өспесі (рак), зат алмасуының ауруларын (подагра), аллергиялық ауруларды (бронхиалық демікпе), жыныстық қатынас ауруларын (мерез, соз, жүре пайда болған иммундық тапшылықты синдромы (ЖИТС) т. б. ауруларды жатқызуға болады. Эксперименттік әдістердің негізгі мүмкіншіліктері: ● аурудың пайда болу себептері мен себептік байланыстарын тексере алады; ● аурудың эксперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда болу сатысынан бастап соңғы нәтижесіне дейін байқауға болады; ● аурудың емделмеген түрін байқап, толық тексеруге болады. Ал, бұл мүмкіншіліксіз аурудың патогенезін анықтау мүмкін емес; ● жаңа ашылған қандайда болмасын ем тәсілдерін жануарларда тексеру (эксперименттік терапия) мүмкіншілігі болады. Осыған қосатын жай, қазір патофизиологияда клиникалық бақылау әдісі де кеңінен қолданылады. Клиникалық патофизиология өзі бір жеке пән больш тарап келеді. Яғни, қазіргі зерттеу құралдарының (компьютерлік томографтар, ультрадыбысты құралдар т. б.) жетістіктері клиникалық патофизиологияның дамуына үлкен ықпал етеді. Патофизиология пәні жалпы және жүйелік патофизиология деген екі үлкен бөлімнен түрады. Жалпы патофизиология ауру туралы жалпылама түсінікпен (жалпы нозология) және біртектес дерттік үрдістермен таныстырады. Ауру туралы жалпы түсінік аурудың пайда болу себептік байланыстары (этиологиясы), олардың даму жолдары (патогенезі) туралы түсініктермен байланысты. Ал, олар өзалдына организмнің тұқым қуалаушылық ерекшеліктерімен, дене бітімімен және қоршаған орта ықпалдарына жауап қайтару қабілетімен (реактивтілігімен) тығыз қатынаста болады. Сондықтан бұл түсініктер патофизиологияның жалпы нозология тарауына енеді. Жалпы патофизиологияның келесі маңызды тарауы болып біртектес дерттік үрдістер есептеледі. Оларға: жасушалардың бүліністері, жергілікті қанайналым бұзылыстары, қабыну, қызба, зат алмасуларының біртектес бұзылыстары, аллергия, өспе өсуі т. б. жатады. Біртектес дерттік үрдістер мынадай нышандарымен айқындалады: ● олар көптеген әртүрлі себепкер ықпалдардан дамиды және, соған қарамай, белгілі бір жалпы заңдылықтармен немесе бір патогенездік жолмен өрбиді; ● олар әдетте екі қарама-қарсы, бүліністік және икемделістік-бейімделістік, құбылыстардың диалектикалық бірлігімен, өзара күресімен сипатталады; ● олар жоғары дамыған жануарлар мен адам денесінде бірдей заңдылықтармен өтеді. Осы жағдайларда ғана біртектес дерттік үрдістер деп атайды. Жүйелік патофизиология организмнің жекелеген ағзалары мен жүйелерінде дерт даму заңдылықтарын зерттейді. ПАТОФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ. Аурулардың пайда болуын, даму жолдары мен зардаптарын зерттеу үшін жануарларға тәжірибелер жасау қажеттілігі пайда болды. Бүгінгі күні қазақ жерінде жануарларға тәжірибе жасау көне заманнан басталғаны белгілі болып отыр. Қараүзген шипагер Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, Есімханның ұлы Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша, XVII-ғасырдың екінші жартысы шамасында жазып қалдырған қолжазбасы осы айтылғанның толық айғағы бола алады. Бұл ұлы шипагер-ғалым қойлар мен дала түлкілеріне тәжірибе жасап, қанайналым шеңберлерін ашқаны айқындалды. Қойлардың басын және жүрегін зақымдап, ми мен жүректің организм тіршілігіндегі маңызын зерттеген. Ол шешекке қарсы екпелер дайындау үшін таналарды егіп, олардан сау адамдарды егетін таназат (вакцина) алған. Ол кісінің таназат алу жолы сол кездегі халықтың жергілікті тұрмыс жағдайларына толығынан сәйкес келеді. Мәселен, танадан алынған вакцина жаңа сойылган малдың бүйрек қапшығына құйыльш, қараңғы жерде сақталуы өз заманының, тіпті бүгінгі ғалымдардың ойына келмейтін, үлкен ғылыми жетістігі болып есептеледі. Сонымен бірге, бұл ғүлама шипагердің адам денесінің сусыздануын және оньщ сатыларын, суға кетіп өлген немесе суыққа үсіп қалған адамдарды тірілту жолдарын алғаш зерттеп шешуі өз заманының үлкен ғылыми жетістіктеріне жатады. Көрсетілген ғылыми еңбек баспада басыльш, кең тарамағанымен, басқа елдердің елшілері мен саудагерлері арқылы ауыздан ауызға беріліп, жер шары мемлекеттеріне тарап кетуі ешбір күмән тудырмайды. Сондықтан еуропалық ғылыми медицинаның дамуына бүл ақпараттар ықпал етпеді деуге ешбір негіз жоқ. Медицинаның өзекті мәселелерін жануарларда тәжірибе жасап шешу еуропалық ғылыми медицинада эксперименттік дерттану (патология) немесе патологиялық физиология деп аталды. 1819 ж. Я. Л. Гэйллиот ең алғаш патологиялық физиология атауын қолданьш, «Жалпы патология және патологиялық физиология» атты оқулығын жариялады. Бұл атауды немістің ұлы патологы Р. Вирхов (1847) кеңінен қолданды. Эксперименттік дерттанудьщ негізін қалаушы болып Франсуа Мажанди (1738—1855), Клод Бернар (1813—1878), В. В, Пашутин (1845—1901) есептеледі. 1878 ж. В. В. Пашутин жалпы және эксперименттік патологияны медициналық факультеттердің оқу курсына енгізді. 1930 жылдары бұрынғы Кеңестер Одағында патофизиология медицивалық пән деп аталып, медицина саласында жоғары білім беру бағдарламасына енгізілді. Сонымен Ресейде бірінші жалпы және эксперименттік патология кафедрасын Қазан университетінде В. В. Пашутин (1845—1901) ашты және ол 1878 ж. патофизиологиядан алғашқы нұсқауды жазды. В. В. Пашутиннің ғылыми бағыттары: зат алмасулары мен энергия алмасуының бұзылыстары, патофизиологияның маңызды мәселелерінің бірі болып есептеледі. Оның толық және жартылай ашығу, жылу алмасуының бұзылыстары, оттегі жеткіліксіздігі, гиперкапниялар туралы ізденістері бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Ол патофизиологиядан көптеген мамандар дайындады. Ресейде патофизиологияның ілім және пән ретінде қалыптасуына орыстың үлы физиологы И. П. Павловтың (1849—1936) қосқан орасан еңбегін атамауға болмайды. Ол жануарлардың тіршілік құбылыстарына жаңа көзқараспен қарап, патологияда нервизм ілімін дамытты, қанайналым, асқорыту жүйелері, жоғары жүйке әрекеттері туралы ілімдерді толықтырды. Қазақстандағы бірінпгі патофизиология кафедрасы Алматы мединститутында, яғни бүгінгі Қазақ ұлттық медицина университетінде, 1933 жылы ашылды. 1933—1946 ж. бұл кафедраның меңгерушілері болып: проф. Глеклер Н. Э., доцент Четвертак Д. С., профессор Лейтес С. М. және профессор Очкур П. П. қызмег атқарды. 1946 - 1969 ж.аралығында кафедраны профессор Глозман О. С. басқарды. Ол өзінің шәкірттерімен екі үлкен ғылыми проблемалар төңірегінде шұғылданды. Оның біріншісі: уланған дененің қанын донордың қанымен толық ауыстыру операциясы. Кезінде оның үлкен амалдық манызы болды және талай адамдарды өлімнен арашалап қалды Екіншісі: тез қансырау және шок проблемасы екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ерекше көзге тұскен мәселе екендігі және онын қазіргі бейбіт күндерде де өте манызды екендігі ешбір күмэн туғызбайды.. Профессор О. С. Глозман кептеген патофизиология мамандарын дайындады. Солардың ішінде профессорлар: Насыбуллина X. С., Сәулебекова М. С., Каримов М. А., Макашев К. М„ Маманова X. Е, т.б. бар. Профессор Насыбуллина X. С. 1969 - 1991 жылдары аралығында Алматы мединститутыньщ патофизиология кафедрасын меңгеріп, көптеген нәтижелі еңбектер атқарды. Ол оқушыларымен бірге, бүгінгі күннің талабына сай, көптеген ықпалдардың организмге бірігіп әсер етулерін зерттеді. Мәселен, қансырау мен гипокинезияның, ішімдіктің, қантты диабет пен қансыраудың т. с. с. организмге біріккен асерлерінің практикалық манызы зор екені ешқандай күмән келтірмейді. . Профессор Каримов М. А. шәкірттерімен бірге Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында әртүрлі химиялық заттардың организмде өспе дамуына тигізетін маңызын зерттеуде елеулі еңбектер атқарды. Профессор Сәулебекова М. С. оқушыларымен бірге Қазақ тағам тану институтында нәтижелі еңбек етті. 1951 ж. Қарағанды мединститутында, бүгінгі медицина академиясында, патофизиология кафедрасы ашылды. Бұл кафедраны ұйымдастырып, айтарлықтай еңбек еткен профессор Я. А. Лазарис (1904 - 1989) оқушыларымен бірге екі үлкен ғылыми мәселелермен шұғылданды: ● өкпе ісінуінің патогенезі және оны тәжірибеде емдеу жолдары, ● қантты диабет және оның патогенезі. Бірінші мәселе бойынша өкпе ісінуі кезінде өкпе қылтамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауында жүйке жүйесінің маңызы көрсетілді. Екінші мәселе бойынша қантты диабеттің эксперименттік үлгісін жануарларға аллоксан енгізу арқылы алуды алғаш ұсынды. Аллоксандық және дитизондық диабеттерді тәжірибеде зерттеу арқылы қантты диабеттің патогенезін анықтауға айтарлықтай үлес қосты. 1955 ж. патофизиология кафедрасын Семейдің мединститутында, бүгінгі медицина академиясында, профессор Назарова Т. А. (1915-1986) ұйымдастырды. Оның негізгі ғылыми бағыты әртүрлі шок жағдайларының (жарақаттық, гемотрансфузиялық т. б.) жүйкелік рефлекстік жолдармен дамуын терең зерттеуде болды. Организмнің сезімтал рецепторлары орналасқан әртүрлі аумақтарын (ұйқы артериясының синокаротидтік аумағын, ішектердің бөліктерін, көкбауырды) тұтас қан жүйесінен оқшаулап, оларға бөтен қанмен әсер ету арқылы шок дамуында жүйкелік-рефлекстік жолдардың маңызы үлкендігін көрсетті. Профессор Назарова Т. А. Қазақстанда патофизиологиядан өзінің мектебін ашқан ғалым. Оның шәкірті доцент Қ. А. Шаймарданов (1936-2004) Семей мединститутының патофизиология кафедрасын оншақты жыл басқарды. 1997 жылдан бастап 2004 жылға дейін бұл кафедраны Т. А. Назарованың шәкірті профессор В. И. Кравцов басқарып жарақаттық шок кезіндегі иммунитеттің өзгерістері туралы докторлық диссертация қорғады. 1959 ж. Ақтөбе мединститутында (қазіргі медицина академиясында) патофизиология кафедрасын профессор Маманова X. Е. (1918—1977) ұйымдастырды. Ол иммунология саласында біршама еңбектер атқарды. Оның оқушысы профессор Қасенов Қ. О. көрсетілген кафедраны 1977 жылдан 2001 жылға дейін меңгеріп, организмге жылан уының әсерін, оны емдеу жолдарын іздестіруде нәтижелі еңбектер атқарды. 1967 ж. Ақмола мединститутында, бүгінгі қазақ медицина акаде-миясында, патофизиология кафедрасы ашылды. Ол кафедраны кейін ұзақ жыл профессор В. Г. Корпачев (1936—1998) меңгеріп, организмнің төтенше ауыр жағдайларын, постреанимациялық патологияны зерттеуде ғылымға елеулі үлес қосты. Ол көптеген патофизиология мамандарын дайындап қалдырды. Соның ішінде профессор Е. Д. Дәленов, профессор Н. Қ. Хамзина т.б. атауға болады. Жалпы нозология Нозология (гректің nоsоs — ауру, дерт, Іоgоз — ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бұл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі. Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған. Мысалы, егер 1000 дені сау деген адамды әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерін сипаттайтын 100 көрсеткішпен тексерсе, онда тексерілгендердің 0,6% ғана сау адамдарға ілінетіні байқалған. Осыдан адамдардың барлығы бірдей ауру деуге болмайды. Егер организмнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі болып қалыптылық немесе белгілі бір тұрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымының деңгейі, дененің температурасы, қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздардың т. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа денгейімен анықталады. Ал, бұл көрсеткіштер әр жерде әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, таулы жерлердің тұрғындарының қанында эритроциттердің саны орташа арифметикалық деңгейден көп болады. Емтихан тапсырар алдында студенттердің қанында глюкозаның мөлшері мен қан қысымы көтерілуі байқалады. Тамақ ішкеннен кейін шеткері қанда лейкоциттердің саны көбейеді. Міне осындай т. б. жағдайларда бұларды ауру адамның қатарына жатқызуға болмайды. Сондықтан орташа арифметикалық көрсеткіштермен денсаулық жайлы қорытынды жасау кейде ауыр қателіктерге әкеулі мүмкін. Сондықтан денсаулыққа анықтама беруге тырысудың көптеген ұмтылыстары бар. Оның бәріне тоқталу мүмкін емес. 1946 ж. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) денсаулық туралы мынандай анықтама берді: «Денсаулық дегеніміз денеде дерт немесе жай көзбен көрінетін ақаулардың болмауы ғана емес, адамның көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайларының толық сәттілігі». Бұл анықтамада қоршаған ортамен организмнің байланысы мен өзарақатынасы ескерілмеген. Денсаулық деп организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделіп, өзінің ішкі тұрақтылығын қалыпты деңгейде сақтап қалатын жағдайын айтады. Осыған байланысты көптеген ғалымдар ауруды ұдайы өзгеріп тұратын сыртқы ортаның ықпалдарына организмнің бейімделу қабілетінің бұзылуы — деп анықтайды. Ауру денсаулықтан мына жағдайлармен ерекшеленеді: ● ол ауру туындататын экзогендік немесе эндогендік себепкер ықпалдардан дамиды; ● ол ағзалар мен тіндерде құрылымдық, зат алмасулық және функциялық өзгерістердің пайда болуымен көрінеді. Бұл өзгерістер ағзаның бүліністерімен және бұзылған функцияларының теңгерілуімен қабаттасады; ● ол қоршаған ортаның ұдайы өзгеріп тұратын ықпалдарына организмнің икемделіп - бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінеді; ● ол организмнің рухани және күш-қуат жұмсау мұқтаждықтарын өтеу мүмкіншіліктерінің төмендеуімен және еңбек жасындағы ересек адамдардың еңбекке қабілеті азаюымен байқалады; ● ол адамның көңіл-күйінің және күш-қуатының сәтсіздігіне әкеледі. Сонымен, ауру - деп тұтас организмнің қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен көрінетін, дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, оның биологиялық және әлеуметтік мұқтаждықтарын атқара алмайтын жаңа сапалы жағдайын айтады. Ауру түсінігі дерттік серпіліс (патологиялық реакция), дерттік үрдіс (патологиялық процесс), дерттік жағдай (патологиялық жағдай) деген түсініктерге жақын түрады. Дерттік серпіліс — организмнің немесе оның кейбір жүйелерінің әдеттегі немесе ауру туындататын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауап қайтаруы. Мәселен, көпшілік адамдар елей бермейтін, назар аудармайтын шаң, өсімдік тозаңдарына т. б. заттарға кейбір адамдар түшкіріп, көзінен жас ағып жауап қайтарады. Кейбір адамдарда дәрілердің әсерінен анафилаксиялық сілейме (шок) дамиды. Дерттік үрдіс — бүлінген тіндер мен ағзалардағы әрі зақымдану, әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің біріккен жиынтығы. Ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне заңды түрде пайда болатын организмдегі серпілістердің тізбегі. Мәселен, тез дамитын кейбір тіндердің қабынуы. Бұл кезде кейбір ағзалар мен тіндердің құрылымы мен қызметінің бұзылыстары жалпы организімнің ауруына әкелмейді. Мысалы, теріскен, сыздауық, пульпит (тіс ұлпасының қабынуы), шиқан. Дерттік үрдістер көптеген аурулардың даму негізінде жатады. Дерттік жағдай — организм үшін кері биологиялық мәні бар қалыптан тыс тұрақты ауытқуы. Ол өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс немесе оның салдары. Мысалы, тері мен шелмай өзектерінің қабынуы дерттік үрдіс болады. Осы қабынудың нәтижесінде организмде көптеген жыл сақталатын тыртық жиі дамиды. Тыртық тінінде басқа тіндердегідей зат алмасуы өтеді. Тыртық сылбыр өтетін патологиялық үрдіс, басқаша айтқанда дерттік жағдай және ол мида, жүректе, бауырда т. б. ішкі ағзаларда қалыптасуы мүмкін. Сонымен, алғашқы іріңді қабыну — дерттік үрдіс ретінде біртіндеп тыртыққа айналып бітуінен дерттік жагдайға ауысады. Кейде кері бағытта ауысуы да мүмкін. Мысалы, туа біткен мең немесе қал (дерттік жағдай) механикалық қоздырғыштардың, күн сәулелерінің әсерлерінен қатерлі өспе - меланомаға, былайша айтқанда дерттік үрдіске айналуы мүмкін. Дерттік үрдіс немесе дерттік жағдайдың болуы әлі жалпы организмнің ауруы болғаны емес. Қосымша факторлардың әсерінен олар толық көлемді ауруға айналуы мүмкін. Мәселен, терідегі бір шаш қалтасының қабынуы (сыздауық, шиқан) дерттік үрдіс болады, бірақ тұтас адам организмінің ауруы емес. Ал, осы қабынудың көптеп бірінің артынан бірі шығуы «фурункулез» деп аталған қауіпті ауруға әкеледі. Бұл кезде дене қызуы көтеріледі, зат алмасулары өзгереді, ас қорыту ағзаларының, жүйке жүйесінің т. б. ішкі ағзалардың бұзылыстары байқалады. |