ПОЗНАВАТЕЛЬНОЕ Сила воли ведет к действию, а позитивные действия формируют позитивное отношение Как определить диапазон голоса - ваш вокал
Игровые автоматы с быстрым выводом Как цель узнает о ваших желаниях прежде, чем вы начнете действовать. Как компании прогнозируют привычки и манипулируют ими Целительная привычка Как самому избавиться от обидчивости Противоречивые взгляды на качества, присущие мужчинам Тренинг уверенности в себе Вкуснейший "Салат из свеклы с чесноком" Натюрморт и его изобразительные возможности Применение, как принимать мумие? Мумие для волос, лица, при переломах, при кровотечении и т.д. Как научиться брать на себя ответственность Зачем нужны границы в отношениях с детьми? Световозвращающие элементы на детской одежде Как победить свой возраст? Восемь уникальных способов, которые помогут достичь долголетия Как слышать голос Бога Классификация ожирения по ИМТ (ВОЗ) Глава 3. Завет мужчины с женщиной
Оси и плоскости тела человека - Тело человека состоит из определенных топографических частей и участков, в которых расположены органы, мышцы, сосуды, нервы и т.д. Отёска стен и прирубка косяков - Когда на доме не достаёт окон и дверей, красивое высокое крыльцо ещё только в воображении, приходится подниматься с улицы в дом по трапу. Дифференциальные уравнения второго порядка (модель рынка с прогнозируемыми ценами) - В простых моделях рынка спрос и предложение обычно полагают зависящими только от текущей цены на товар. | ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ НЕМЕСЕ СУЛАНУ. 5 страница бітелген жағдайда, құлақ ішінде қатты шаншып ауыру сезімін туындатады. Шеткері қан тамырлары қысылып қалғандықтан ішкі ағзалар қанға толып кетеді. Тым үлкен тереңдікке өте тез ауысу кезінде қан тамырлары мен өкпе ұяшықтары жыртылып кетуі мүмкін. Содан ауа эмболиясының дамуына қолайлы жағдай пайда болады. Барометрлік қысым көтерілгенде организмдегі газдардың сұйықтарда еру қабілеті көтеріледі. Оны сатурация дейді. Азот әсіресе май тінінде жақсы ериді. Липидтер мида көп болғандықтан онда еріген азоттың мөлшері көбейеді. Сондықтан орталық жүйке жүйесінін қызметі ерте бұзылады. Бүл кезде көңіл-күйдің шаттануы тез терең ұйқыға (наркозга) ауысады. Артынан азоттың жүйке жүйесіне улы әсері болып, бас ауыруы, бас айналуы, зерденің бүлінуі, жүйкелік-еттік үйлесімділіктің бұзылуы, естен тану дамиды. Бұл дерттік құбылыстардан сақтандыру үшін терең су астында істейтін жұмысшылар азоттың орнына гелий мен оттегінің қосындысымен дем алатын аспапты қолданулары қажет. Гелий жүйке тіндерінде азот сияқты ерімейді және ол, организмге улы әсер етпейтін, бейтарап газ болып есептеледі. Терең су астынан адамды жоғары шығарғанда барометрлік қысымның әсері азайып, декомпрессия дамиды. Бұл кезде адамды тез қалыпты атмосфералық қысымға шығарудан декомпрессиялық немесе кессондық ауру дамиды. Оның дамуы жоғары барометрлік қысым әсер еткендегі организм сұйықтарында еріген газдар тез жоғары көтерілгенде газ күйіне қайта ауысып, қаннан өкпе арқылы сыртқа шығарылып үлгермейді. Сондықтан бұл газдар қан тамырларының ішінде қалып, газдық эмболия дамуына әкеледі. Эмболдар ішкі ағзалардың тамырларында тұрып қалуынан олардың қызметтері бұзылады. Мидың, жүректің тамырлары бітелуінен адамның өліміне әкелуі мүмкін. ТЕМПЕРАТУРАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ. Төмен температуралардың әсері. Гипотермия. Суық температура адам денесінің жалпы мұздауына немесе дене мүшелерінің үсуіне әкеледі. Суық температураның организмге әсері оның ылғалдығынан, түрінен (суық ауа, суық су), мөлшерінен, ауада желдің болу-болмауынан, адамның үстіндегі киімінен, тері астындағы шелмайының қалыңдығынан т. б. көптеген жағдайлардан байланысты. Дененің мұздауы — дене қызымының төмендеуіне (гипотермияға) өкелетін организмдегі жылу реттелуінің бұзылуы. Бұл кезде дене қызымының төмендеуі (гипотермия): ● жылудың сыртқа шығарылуы көбейіп кетуден; ● жылудың өндірілуі азайып кетуден; ● жылу өндірілу мен оның сыртқа шығарылуының біріккен бұзы-лыстарынан болуы мүмкін. Адамда гипотермия жылудың организмде қалыпты түрде өндірілуіне қарамай оның сыртқа артық шығарылып кетуінен дамиды. Сондықтан суық температура әсер еткенде терінің қан тамырларының жиырылуы болады, тер бөліну тоқтайды, тыныс алу сирейді. Осы жолдармен жылудың организмнен сыртқа шығарылуы азаяды. Ары қарай суық температураның әсеріне жауап ретінде бұлшықеттердің қалтырауы, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауы, қанда глюкозаның көбеюі, тіндермен оттегін пайдаланудың артуы, зат алмасуының күшеюі болады. Осыдан организмде жылу өндірілу артады. Осылай суық температураның әсеріне организм жылуды сыртқа шығаруды азайтып, оның денеде өндірілуін арттырып, дене қызымын қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Бұл сатыны теңгерілген саты дейді. Суық температура ары қарай әсер ете берсе, онда организмнің икемделу-теңгеру мүмкіншіліктері азайып, гипотермияның теңгерілмеген сатысы дамиды. Бұл кезде дене қызымы төмендейді, бұлшықеттердің қалтырауы болмайды, зат алмасуларының қарқыны азаяды, терінің қан тамырлары кеңіп кетеді. Қан тамырларының қимылдық орталығы тежеліп, жүрек соғуы, тыныс алу сирейді, артериалық қан қысымы төмендейді. Терең гипотермия кезінде орталық жүйке жүйесінің тежелуінен адам терең ұйқыға батады, біртіндеп тыныс орталығы мен қан тамырларының қимылдық орталығы әлсіреуінен адам жан тәсілімін тапсырады. Сонымен бірге, шамалы гипотермия ішкі ағзалар мен тіндерде зат алмасу қарқынын төмендетіп, оттегінің жетіспеушілігіне олардың төзімділігін көтереді. Бұл кезде организмнің тұрақтылығы уыттарға, жұқпаларға, механикалық жарақаттарға, электр соққыға т. б. қолайсыз ықпалдарға жоғарылайды. Сондықтан дене қызымын жасанды түрде төмендету (гибернация) организмнің оттегіге мұқтаждығын азайту үшін, мидың ишемияға төзімділігін арттыру үшін клиникалық медицинада кеңінен қолданылады. Суық температураның жергілікті әсері дене мүшелерінің үсуімен көрінеді. Үсудің бірінші дәрежесінде үсіген мүшенің қызаруы, екінші дәрежесінде күлдіреуі, үшінші дәрежесінде өлеттенуі болады. Бұлай ажырату шартты түрде ғана дұрыс. Бірінші дәрежесі ары қарай суық температураның әсері тоқтағанына қарамай екінші, үшінші дәрежелеріне ауыса беруі мүмкін. Үсудің даму патогенезі тіндердегі коллоидтардің өзгерістерімен, қылтамырларда қан ағымы мен оның реологиялық қасиеттерінің бұзылыстарымен түсіндіріледі. Жоғары температуралардың әсері. Асқын қызыну. Ыстьқ соғуы. Ыстық температура дене мүшелерінің күюіне, күйіктік ауруға немесе жалпы дененің асқын қызынуына әкелуі мүмкін. Күйік.Күйік ыстық температураның әсерінен, химиялық күшті қышқылдардың, сілтілердің әсерлерінен немесе физикалық (электр ағымының, радий белсенді заттардың әсерлерінен) ықпалдардан дамуы мүмкін. Сондықтан ыстық температураның әсерінен дамитын күйікті температуралық күйік деп ажырату қажет. Қалған күйіктер сәйкес тарауларда қаралады. Оттың жалыны, ыстық су, бу немесе 45-50° С-дан астам қызған заттар дене мүшелеріне тигенде температуралық күйік дамиды. Бұл кезде тіндердің бүліну тереңдігіне байланысты күйіктің төрт дәрежесін ажыратады: 1. терінің қызаруы; 2. күйген жердің күлдіреуі; 3. терінін некрозы және жаралардың пайда болуы; 4. тері мен оның астында жатқан тіндердің толық некрозы немесе тіндердің көмірге айналуы. Ыстық температураның жергілікті әсер ету жолдары тін нәруыздарының ұюымен, жасушалардың тіршілігін жоғалтуымен, тіндердің некрозымен, қабыну дамуымен байланысты. Күйіктің организмге әсері бүлінген тері қабатының аумағына байланысты. Дененің 10-15%-нан астам аумағының терең күйіктері тұтас организмнің бүліністеріне, ішкі ағзалар мен жүйелердің бұзылыстарына әкелетін ауру туындатады. Бұл ауруды күйіктік ауру дейді. Ол келесі сатыларда өтеді: 1. күйіктік сілеймен (шок), 2. күйіктік уыттану, 3. күйіктік жұқпалар, 4. күйіктік арып-азу, 5. сауығу. Күйіп қалған жерден орталық жүйке жүйесіне қатты ауыру сезімі беріледі. Осыдан қан тамырларының қимылдық және тыныс алу орталықтары алдымен қатты қозып, артынан әлсірейді. Қан қысымы төмендеп, ағзалар мен тіндерде майда қан айналым бұзылады, күйіктік сілейме (шок) дамиды. Оның дамуына бүлінген тіндерде нәруыздардың ыдырауынан пайда болған уытты заттардың қанға түсуі, қанның сұйық бөлшектерінің тамыр сыртына шығып кетуінен қоюлануы мен аққыштық қабілетінің бұзылыстары қолайлы ықпал етеді. Бұл кезде су мен электролиттердің алмасуы бұзылады. Күйгеннен кейін алғашқы сағаттарда бүлінген тіндерде натрий көптеп ұсталып қалады, артынан натрий мен су қан плазмасынан жасушаларға ауысады. Осыдан жасушалар ісінеді. Бұл жағдайды күйіктік сілеймені емдеу үшін изотониялық сұйықтарды қанға енгізу кездерінде есте сақтау қажет. Олар тез жасушаларға еніп кетуі мүмкін. Бүлінген жасушалардан калий көптеп қанға түседі, гиперкалиемия дамиды. Ол жүректің жиырылғыштық қасиетін төмендетіп, жүрек аритмиялары дамуына әкеледі. Күйік эритроциттердің қатты гемолизін туындатады. Осыдан қан плазмасында гемоглобиннің мөлшері артады, оның несеппен шығарылуы ұлғаяды, бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Бұл организмнің уыттануын одан сайын күшейтеді. Күйіктік ауру кезінде тіндердің нәруыздары көптеп ыдыратылады. Бүлінген жасушалардан протеолиздік ферменттердің қанға түсуі тіндердің антигендік қасиетін өзгертіп, аутоиммундық құбылыстардың дамуына әкелуі мүмкін. Бұл ауру әртүрлі жүқпалармен жиі асқынады. Олардың уыттары организмді одан сайын уыттандырады. Бұл жұқпалар организмге бүлінген тері арқылы өтеді және ішектердің микробтары қанға түседі. Күйіктік ауру кезінде терінің бүлінуі оның тосқауылдық қызметін әлсіретеді, бір ядролы фагоциттер жүйесінің қызметі бұзылады және ішек-қарын жолдарының шырышты қабықтарының қорғаныстық қабілеті азаяды. Бұл аурудың нәтижесінде организмнің қатты үдемелі арып-азуы, дененің ісінуі, анемия, ішкі агзалардың дистрофиялық өзгерістері, өкпе мен бүйректің қабынуы, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының әлсіреуі т.с.с. құбылыстар байқалады. Күйіктік ауру жеңіл түрде өтсе артынан организмнің сауығуы болады. Бүл кезде бүлінген тін толығынан аласталынып, оның орнына тыртық тін қалыптасады. Асқын қызыну (гипертермия).Сыртқы ортада температура көтерілгенде терінің қан тамырлары кеңіп, тер бөлінуі, тыныс алудың жиілеуі арқылы денеден жылуды сыртқа шығару артады. Ал, қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығы жоғары болғанда немесе адамның үстінде терді өткізбейтін киім болғанда денеден жылуды сыртқа шығару шектеліп, ауаның температурасы тіпті 33°С болғанның өзінде дененің асқын қызынуына (ыстық соғуына) әкелуі мүмкін. Бұл кезде дене қызымын реттеу жолдары бұзылады, денеде жылу өндірілу оны сыртқа шығарудан басым болып кетеді. Осыдан дене қызымы көтеріледі. Асқын қызыну (гипертермия) екі сатыда өтеді. Бірінші теңгерілген сатысында дене қызымы қалыпты деңгейде ұсталып тұрады. Жоғары температура организмге ары қарай әсер ете беруінен асқын қызынудың екінші теңгерілмеген сатысы дамиды, дене қызымы қалыптыдан көтеріліп кетеді. Бұл кезде организмде зат алмасуларының қарқыны артады, тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтарының, орталық жүйке жүйесінің қатты қозуы байқалады. Артынан олардың қалжырауынан тыныс алудың, жүрек қызметінің бұзылыстары, артериялық қан қысымының төмендеуі болады, организмде гипоксия дамиды. Асқын қызыну кезінде тердің көп бөлінуі организмнің сусыздануына, сумен бірге хлоридтердің т.б. электролиттердің сыртқа көптеп шығарылуына әкеледі. Бұл кезде қанның қоюлануы оның тұтқырлығын жоғарылатып, журек қызметін қиындатады, қанайналым жеткіліксіздігі дамиды. Осыдан организмде оттегінің үдемелі жетіспеушілігінен адамның жан тапсыруы болады. Дене қызымы тез көтерілуіне әкелетін қауырт қызынуды ыстық соғуы дейді. УЛЬТРАКҮЛГін СӘУЛЕЛЕРДЩ әСЕРІ. Ультракүлгін сәулелер тері мен көздің ақ қабығы арқылы бар жоғы ондаған микрометр тереңдікке өтеді. Соған қарамай олар тіндердің жергілікті өзгерістерімен қатар жалпы организмнің бұзылыстарына әкеледі. Бұл сәулелердің биологиялық қасиеті олардың толқындарының ұзындығына байланысты. Ультракүлгін сәулелердің бір бөлшегі А - аумағы ұзын толқынды болады. Ондағы толқындардың ұзындығы 400-320 нм аралығында, екінші бөлшегі В - аумағы (орташа толқынды) 320-280 нм, үшінші бөлшегі С-аумағы (қысқа толқынды) 280-200 нм аралығында болады. Ұзын толқынды ультракүлгін сәулелер теріде тирозиннен меланин түзілуін арттырып, терінің қоңыр қошқыл түске боялуын қамтамасыз етеді. Бұл ультракүлгін сәулелердің ары қарай денеге өтуіне бөгет жасап, қорғаныстық қызмет атқарады. Қысқа мерзімде, аз мөлшерлерде әсер еткен орташа толқынды ультракүлгін сәулелер организмге жалпы сергітетін әсер етеді. Оның даму негізінде ультракүлгін сәулелердің организм атомдарын қоздыру қабілеті жатады. Осыдан жасушаларда өтетін химиялық реакциялардың белсенділігі артады, зат алмасуларының қарқыны көтеріледі, тіндердің нәрленуі жақсарады. Бұл сәулелердің әсерінен организмнің жұқпалар мен уыттарға төзімдігі көтеріледі. Адамның ойлау, қол жұмысын атқару қабілеттері жақсарады. Бұл ультракүлгін сәулелердің әсерінен организмде Д3 витамині (холекальциферол) түзілуі ұлғаяды. Балаларда мешелдік (рахит) дамуынан сақтандырады. Қысқа толқынды С-аумағындагы ультракүлгіндер бактерияларды жоятын әсер етеді. Ультракүлгін сәулелермен бұрын күймеген теріні бірден тым артық сәулелендіруден фотохимиялық күйік дамуы мүмкін. Бұл кезде терінің қызаруы, күлдіреуі, дене қызымының көтерілуі, бас ауыруы, көңіл-күйдің бей-жайлығы т. с. с. белгілер байқалады. Сонымен қатар көздің қызаруы, қастың ісінуі, жас ағу, жарыққа қарай алмау, көзге бөгде зат түскен сияқты сезім пайда болады. Бұндай жағдайды фотофтальмиядеп атайды. Бұл құбылыстар күн сәулелерінің көзге тікелей әсер етуінен, ашық далада қарға шағылысқан сәулелердің әсерінен, электр ағымымен металдарды кесіп-жалғау жұмыстары кездерінде байқалады. Ультракүлгін сәулелердің тым артық әсерінен фотохимиялық күйік даму жолында бұл сәулелердің еркін радикалдық тотығуды, май қышқылдарының асқын тотығуын арттыру қасиеті маңызды орын алады. Осыдан жасуша мембраналарының бүлінуі, нәруыздардың ыдырауы жасушалардың тіршілігін жоғалтады. Ультракүлгін сәулелермен артық сәулелендіру нәтижесінде организмнің созылмалы дерттері (құздама, асқазанның ойық жарасы, өкпе туберкулезі т.б.) асқынып кетуі мүмкін. Бұл сәулелермен тым артық сәулеленудің нәтижесінде меланиннің көп өндірілуінен, нәруыздардың бүліністерінен алмастырылмайтын аминқышқылдарына, витаминдерге, Са2+- иондарына т.б. заттарға организмнің мұқтаждығы артып кетеді. Сонымен бірге қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің тым артық болуынан Д3- витаминінің белсенділігі төмендеп, ол организмге уытты заттарға (токсистериндерге) ауысуы ықтимал. Ультракүлгін сәулелермен ұзақ уақыт артық сәулеленуден тері мен шырышты қабықтарда обыр өспесі дамуы мүмкін. Кейбір бояулар, холестерин, порфириндер, әсемдік бұйымдар ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерін күшейтеді. Оларды фотосенсибилизаторлар дейді. Кейбір адамдарда бұл сәулелерге жоғары сезімталдық болады. Оны фотоаллергия дейді.Организмде гемоглобин алмасуы бұзылудан қанда порфириннің артық жиналуы кезінде күн көзіне аз уақыт шығудың өзі терінің ауыр күйіктеріне, сәулеленген порфириннің уытты өнімдерімен организмнің уыттануына әкеледі. Күн сәулелері әсер еткенде олардың құрамындағы тіндерге қыздыратын әсер ететін инфрақызыл сәулелермен ультракүлгін сәулелер бірігіп әсер етуден денеге күн өтуі байқалады. Бұл кезде ультракүлгін сәулелері тері қылтамырларындағы қан нәруыздары мен холестеринді сәулелендіру арқылы жүйке жүйесіне әсер етеді. Осыдан мидағы қыртыс асты құрылымдары мен дербес (вегетативтік) жүйке жүйесі орталықтарын қоздырады, дене қызымын көтереді, қан қысымын алдымен көтеріп, артынан төмендетеді, адамды ұйқы басады, коллапс дамиды және тыныс орталығының салдануынан адам жан тапсырады. Лазер сәулелерінің әсері. Өте қарқынды жарық қуатын бір түсті жіңішке шоқтарға айналдыратын құралдар – лазерлер көптеген ауруларды (пародонтит, көз аурулары, ішек-қарын аурулары т. с. с.) емдеу үшін кеңінен қолданылады. Аз қарқынды лазер сәулелері организмде нуклеин қышқылдары мен нәруыз түзілуін арттырып, жараның бітуін, қабынудың тез жазылуын күшейтеді. Олардың әсерінен шеткері жүйкелердің регенерациясы жақсарады. Аз қарқынды лазер сәулелері иммундық жүйенің белсенділігін күшейтіп оның жұқпаларға төзімділігін арттырады, антиоксиданттық әсер етеді, жасуша мембраналарының қолайсыз әсерлерге тұрақтылығын жоғарылатады. Бұл сәулелердің әсерінен ағзалар мен тіндерде майда қанайналым (микроциркуляция) оңалады, олардың оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілуі жақсарады. Осыдан олардың нәрленуі түзеледі. Тым қарқынды лазер сәулелері организмге бүліндіргіш әсер етеді. Олар хирургияда тіндерді, өндірістерде металдарды кесу үшін қолданылады. Лазер сәулелеріне пигменттелген тіндердің сезімталдығы өте жоғары болады. Олардың бүліндіргіш әсер ету жолдары әлі толық зерттелмеген. Жасушаларға тікелей бүліндіргіш әсері белсенді бос радикалдардың өндірілуімен байла-нысты. Осыдан жасуша мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуы, олардың бүліністеріне әкелуі мүмкін. Лазер сәулелері тіндерге температураны көтеру арқылы және кавитациялық әсер етеді. Лазер сәулелерінің құрамындағы инфрақызыл сәулелердің қуатынан тіндерде температура көтеріліп, тіндік нәруыздардың белсенділігі жоғалады. Лазер сәулелерінің әсерінен жасушаларда температура өте тез қатты көтерілуінен олардың сұйық бөлшектері буға айналып кетеді. Осыдан жасушалардың ішінде майда қуыстар кенеттен пайда болады. Бұл қуыстардың ішінде қысымның ондаған, жүздеген атмосфераларға дейін көтерілуінен, содан толқын соққыларының тарауынан тіндердің жарылуы болады. Осьгаы лазер сөулелерінің кавитациялық (жарылыстық) әсері деп атайды. Бұл сәулелердің осы қасиеті тіндерді кесу үшін лазерлік қандауырларды қолдану негізінде жатады. Қарқынды лазер сәулелерінің бүліндіргіш әсері организмге қажетті ферменттердің белсенділігін жоғалту арқылы да болады. ЭЛЕКТР АҒЫМЫНЫҢ бүліндіргіш әсері. Адамға найзағайдың немесе техникалық электр ағымдары әсер етуі мүмкін. Адамға найзағай түскенде оның денесі арқылы өте қысқа мерзімде тым үлкен кернеудегі (миллион вольтқа дейінгі) электр ағымы өтеді. Бұл кезде найзағайдың әсерінен денеде күйіктер пайда болады, тіндерге ерекше тармақталған қан құйылулар, тіндердің қарайып кетуі және өлеттенуі байқалады. Кейбір дене мүшелері үзіліп кетуі мүмкін. Адам жүрегі мен тынысы тоқтап қалудан өледі. Техникалық электр ағымының бүліндіргіш әсері (электросоққы) оның түрінен (түрақты немесе ауыспалы), күшінен, кернеуінен, өту бағытынан және өту уақытынан, сонымен қатар тіндердің кедергілік қасиетінен және организмнің жалпы жағдайына байланысты. Электр ағымының күшібірдей болғанда тұрақты электрге қарағанда ауыспалы электр организм үшін қауіпті. Күші 100 мА әсер еткенде электр ағымы адамның өліміне әкеледі. Күші 12-25 мА, жиілігі 50-60 Гц ауыспалы электр ағымы дене мүшелерін тырыстырып тастайды. Осыдан электр сымына тиген дене мүшесі тырысып, одан айырыла алмай қалады. Электр ағымының кернеуі40 вольтқа дейін организмнің зақымдануына әкелмейді. Оның кернеуі 1000 вольтқа дейін көтерілгенде 50%, 3000 вольтқа дейін көтерілгенде - 100% зақымданған адам жан тапсырады. 42,5 вольт кернеуі бар ауыспалы электр ағымының зақымдық қауіпі 120 вольт кернеуі бар тұрақты электр ағымының зақымдық қауіпімен тең болады. Бірақ тұрақты электр ағымының қауіптілігі 450-500 вольт кернеуге дейін ғана ауыспалы ағымнан аз болады. Ары қарай тұрақты электр ағымының кернеуі көтерілуіне байланысты ол ауыспалы ағымнан қауіптірек болады. Кедергілік қасиеті.Ауыспалы электр ағымына адам денесінің жалпы кедергілерінің жиынтығын импеданс - дейді. Ол тіндердің белсенді (омдық) және қайта әсерленген (сыйымдылық) кедергілерден түрады. Терінің сыртқы эпидермалық қабатының электр ағымына кедергісі бойынша 1— орында (2 млн. Ом), ары қарай сіңір, сүйек, жүйке және бұлшықет тіндері, қан - кедергісі азаюына қарай орналасады. Жұлын - ми сұйығында ең аз кедергі болады. Адам денесінің жалпы кедергісі орташа 100 000 Ом (1000 нан миллиондаған Ом-ға дейін). Терінің ылғал болуы кедергіні төмендетеді. Құрғақ терінің кедергісі молырақ болады. Тері кедергісінің мөлшері электр ағымының күші мен кернеуіне байланысты. Оның кернеуі 10—40 вольт болғанда терінің эпидермисін жарып өтеді. Осыдан 220 вольт электр кернеуі дененің кедергісін күрт төмендетеді. Электр ағымының денеден өту багыты.Төменнен жоғары қарай өткен тұрақты электр ағымы жоғарыдан төмен қарай өткен ағымнан қауіптірек болады. Бұл кезде жүректің синустық торабы катодтың қоздырғыш әсерінде болады да, оның ұшы анодтық қозуды әлсірететін әсерінде болады. Осыдан синустық торабынан шығатын қозу өткізгіштіктің үдемелі бөгелуімен түйіседі. Бұл электр ағымы өткенде жүйкелік қабылдағыштар (рецепторлар) мен өткізгіш талшықтар, бұлшықеттер мен тегіс салалы ет талшықтары және бездік тіндер қатты қоздырылады. Осыдан бұлшықеттер мен тегіс ет талшықтары тырысып жиырылып қалуынан аяқ-қолдың буынынан шығуы, жіліншіктердің сынуы, дыбыс байламының жиырылуы, тыныс алудың тоқтауы, еріксіз дәрет бұзылуы және қан қысымының көтерілуі байқалады. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан катехоламиндердің (адреналин, норадреналин) қанға көптеп шығарылуы болады. Бұдан ішкі ағзалар мен дене мүшелерінің қызметтері бұзылады. |